"Құттықтап қойыңыздар": Мөлдір Әуелбекова үшінші рет тұрмысқа шығатынын мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Құттықтап қойыңыздар": Мөлдір Әуелбекова үшінші рет тұрмысқа шығатынын мәлімдеді

"Құттықтап қойыңыздар": Мөлдір Әуелбекова үшінші рет тұрмысқа шығатынын мәлімдеді

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова жеке өміріндегі жаңалығымен бөлісіп, оқырмандардан сүйінші сұрады.

  • 5 Қыркүйек 2024
  • 170
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz. медиа порталы хабарлайды.

Әнші жаңа үйіне жасауын дайындап жатқанын мәлім етті.

«Бұйырса, осы жап-жаңа, өте әдемі, премиум сапада жасауым жаңа отауымның төрінде жарқырап тұрады! Құттықтап қойыңыздар!», — деп жазды ол.

Аталған жаңалыққа қатысты оқырмандардың пікірі қақ жарылған. Олардың бірі әншіге бақыт тілесе, енді бірі үшінші рет тұрмыс құрса да, «тыныш, еш шусыз» тұрмыс құруын сұраған.