Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
«Ең басынан Тоқмәдидің Ержанды өлтіргеніне толық сендім. Отырыста бір жерге барғанда, Тұран әлемде істейтін бір келінім барлық нәрсе Әблязовтан келді деді. Өйткені ол сол жерде жұмыс істейді. Көпшілік банкте жұмыс істейтіндердің пікірі тапсырыс берген Әблязов деді. Ақше берсе, кім не істемейді?! Сондай нәрсені сол ұйымдастырған шығар деп ойладым. Әблязов үйге де, басқа жерге де келіп маған көңіл айтқан жоқ», — деді Ұлтай Шомашева.