Димаш Құдайберген Көшпенділер ойынының ашылу салтанатында ән айтады - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайберген Көшпенділер ойынының ашылу салтанатында ән айтады

Димаш Құдайберген Көшпенділер ойынының ашылу салтанатында ән айтады

Астанада өтетін Халықаралық жарыс 8 қыркүйек күні басталады.

  • 6 Қыркүйек
  • 8
Фото - Caravan.kz

Жексенбі, 8 қыркүйек күні Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатының алдында үлкен концерт өтеді. Концертті халық әртісі, әлемге әйгілі Димаш Құдайберген  музыкалық композициямен аяқтайды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Ал, ойындардың ресми ашылу салтанаты кешкі сағат 19:00-ге жоспарланған. Концерттік бағдарламаға бас-аяғы 3000 өнерпаз қатысады деген болжам бар. Көшпенділер ойынының ашылу салтанатындағы концерт те, ресми бағдарлама да бірнеше телеарнадан тікелей трансляцияланады. 

Айта кетейік, 8-13 қыркүйек аралығында Астанада Орталық Азия көшпелі халықтарының дәстүрлерінен бастау алатын ұлттық спорт түрлеріне арналған V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді.