Маңғыстауда оқушылар жаппай уланды: ДСМ түсініктеме берді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстауда оқушылар жаппай уланды: ДСМ түсініктеме берді

Маңғыстауда оқушылар жаппай уланды: ДСМ түсініктеме берді

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өзінің Facebook парақшасында Маңғыстау облысындағы оқушылардың жаппай улануына қатысты түсініктеме берді.

  • 8 Қыркүйек
  • 4
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz — ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының №8 мектебінің оқушылары мен қызметкерлерінің жаппай улануына қатысты төтенше жағдай: 

Бұл жерге Облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясының 10 негізгі және 2 қосымша бригадасы, Мұнайлы аудандық орталық ауруханасының 4-санатты шақыруларына қызмет көрсетудің 5 бригадасы жіберілді.

Сонымен қатар медициналық ұйымдарға облыстық психикалық денсаулық орталығының психологиялық көмек топтары тартылды. Балалардың денсаулығына қатысты жағдайды Денсаулық сақтау министрлігі бақылап отыр», — делінген басылымда.

Бұған дейін, Бесшоқы ауылының №8 мектебінде бірінші ауысымның 1-4 сынып оқушылары асханада жаппай уланған. Қазіргі уақытта іш ауруы, дене температурасының жоғарылауы туралы шағымдары бар 67 бала көмекке жүгінді.

Ал әлеуметтік желіде уланған балалардың саны 92-ге жетті деген ақпарат тарады. Бесшоқы ауылының тұрғыны уланған оқушыларды ауруханаға жатқызу үшін жедел жәрдем вагондарының тапшылығы туралы бейне түсірген. Оның сөзінше, арнайы көлік тек бір науқасты тасымалдаған.