Әнші оқырмандарынан кешірім сұраудың орнына, оларға дөрекі сөйледі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Әнші бұл туралы өзінің желідегі парақшасында бөлісті.
Желіге қатарынан екі видео жүктеген ол, бастапқыда өзінің шаршап жүргенін мәлімдеді. Сосын көпшілік оның бұл күйін әрі мас болып желіге шыққанын көріп, сынаған көрінеді. Өнер иесі бұған ашуланып, «ішімдік емес, қымыз ішкенін» айтқан.
Десе де халық бұған да сенбей, әншіге мұндай күйде мүлдем желіге шықпауын сұраған. Мақпал Жүнісова видеоны өшірмеймін деп мәлімдегенімен, кейін екі видеоны да желідегі парақшасынан алып тастаған.
Сосын Instagram-дағы Stories бөлімінде оқырмандарға тағы да жауап берді.
«Бәрі жақсы, видеоны алып таста дейтін адамдарға алып тастадым. Ал, не өзгерді? Мен алып тастасам, өмірлеріңіз өзгеріп кете ме? Бәрібір жүрегімде не айтқым келді, соны айттым. Алып тастаңызды деп айтыпсыздар, сосын алдым. Содан мен немене, алтын болып кетем бе? Басымды катырмаңыздаршы», — деп жазды әнші.