“Үйімізде жейтін нанымыз болмаған”: Елдос Сметов еш жерде айтпаған құпиясымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Үйімізде жейтін нанымыз болмаған”: Елдос Сметов еш жерде айтпаған құпиясымен бөлісті

“Үйімізде жейтін нанымыз болмаған”: Елдос Сметов еш жерде айтпаған құпиясымен бөлісті

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов балалық шағы жоқшылықта өткенін айтты.

  • 9 Қыркүйек
  • 199
Фото - Caravan.kz

Спортшы жан сырымен “Түнгі студия” бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

“Кішкентай кезімде көшедегі темірлерді өткізіп, нан алатынмын. 98-99 жылдары бірде тоқ, бірде аш болатын қиын кездер болды ғой. Бұл нәрсені еш жерде айтпағанмын. Қатты мақтағанды көп адам көтере алмай қалады ғой. Қалай жұлдыз ауруына шалдықпай жүрсін деп сұрап жатады. Балалық шағымдағы қиындықтардан кейін мен тәкаппарлық танытып, жұлдыз ауруына шалдығуға жол бере алмаймын. Біз ауылда тұрдық. Әкем қалаға кетіп жұмыс істейтін. Анам үйде отырды. Бір тостақ ұн үшін біреудің үйін тазалайтын. Мама қарным ашты, нан жегім келіп тұр деген кезде балаларының бәрін құшақтап жылайтын. Қарнымыз ашып жатыр деп жыласақ, балам ұйықтап қалшы қарның ашқанын білмей қаласың дейтін. Осы нәрсенің бәрін ұмытып кетсем, ол — менің надандығым. Атақ-абыройға, баршылыққа мастанбауыма тағдырымда болған осындай оқиғалар әсер етті. Бұл қиындықтар ата-анама жақсы өмір сыйлауға мотивация болды”, — дейді Елдос Сметов.