Блогер Мұрат Әбділдә бостандыққа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Блогер Мұрат Әбділдә бостандыққа шықты

Блогер Мұрат Әбділдә бостандыққа шықты

Атышулы блогер Мұрат Әбділдә бостандыққа шықты

  • 9 Қыркүйек
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы блогер Мансар Орынхан әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

Еске салайық, бұған дейін Massaget.kz тілшісі блогердің құқығын қорғаған адвокатпен сұхбаттасқан еді. 

«Бұл кісіге 2022 жылы 31 наурызда Қылмыстық кодекстің 174-бап «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін» соттың үкімі шыққан. Бұл баптың 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған. Бұған дейін жазасын Шымкентте өтеп келді. 2023 жылғы қазанда Шымкент сотына жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы өтініш жазған. Оны Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қанағаттандырудан бас тартқан. 2024 жылғы 16 мамырда жазылған өтініш те қанағаттандырусыз қалды. Жазда жазылған өтініш бойынша бүгін соттың қаулысы шықты. Біз оны мерзімінен бұрын шартты түрде босатуын сұрадық. Мұраттың түрмеде жүргенде мінез-құлқы, тәрбиесі, ішкі әкімшіліктің заңды талаптарын орындағаны, жеке бас гигиенасын сақтағаны, 4 рет марапаттау алғаны, жазалау шарасын алмағаны әсер етті», — деді Жантөре Зәуірбекұлы.