Алматы облысында екі ауылдың атауы өзгертілді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында екі ауылдың атауы өзгертілді

Алматы облысында екі ауылдың атауы өзгертілді

Алматы облысында Казцик және Комсомол ауылдарына жаңа атаулар берілд

  • 10 Қыркүйек
  • 10
Сурет: almaty.tv

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Казцик ауылына қазақ театр педагогикасының негізін салушы Асқар Тоқпановтың есімі берілді, деп хабарлайды Almaty.tv .

Осының құрметіне сол жерде салтанатты шара өтті. Салтанатты шараға қатысқан тұрғындар бұл шешімге қуаныштарын білдірді. Олар мұны Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау және танымал ету жолындағы маңызды қадам деп санайды.

Ал Комсомол ауылы Жайнақ болып өзгертілді.

Бұған дейін Алматы облысындағы ауылдық округтер мен ауылдардың атауы өзгертілді:

  • Энергетикалық ауылдық округі — Өтеген батыр ауылдық округіне;
  • Энергетикалық ауылдық округінің Покровка ауылы — Кенен Әзірбаев ауылына;
  • Чапаев ауылдық округі мен Чапаево ауылы — Байкент ауылдық округіне және Байкент ауылына;
  • Междуреченск ауылдық округі және Междуреченск ауылы – Ақсай ауылдық округіне және Ақсай ауылына.