Жетісу университетінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына  Жолдауы талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жетісу университетінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына  Жолдауы талқыланды

Жетісу университетінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына  Жолдауы талқыланды

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің сарапшылар тобы Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.

  • 11 Қыркүйек
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

2024 жылғы 10 қыркүйекте І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша сарапшылардың  қатысуымен «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.

Шараға І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ғалымдары, профессорлары, сала мамандары мен студенттер қатысты. Аталмыш шарада ректор Ермек БөрібаевПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғыЖолдауында айтылған ең келелі мәселе Атом электр станциясын салуға байланысты өтетінРеферендумның маңызына тоқталды. Жиындасөз алған физика-математика ғылымдарыныңдокторы, профессор Есен Смағұлов елімізүшін АЭС салудың қажеттілігін нақтыдәлелдермен жан-жақты түсіндірді. «Қазіргіуақытта елімізде су, көмір, газ тапшылығысезіліп отыр. Халық саны көбейген сайынсұраныс арта береді. Сондықтан атом электрстанциясын салу қажет. Оның қуаттылығыкөмір мен газдан әлдеқайда жоғары. АЭС-теналынатын энергия экологиялық ең таза әріқауіпсіз болады»,-деді. 

Экономика және туризм кафедрасыныңмеңгерушісі Гүлнар Тулешова АЭС салу арқылы ел экономикасын көтеругеболатындығына назар аударды. Жастарсаясаты бөлімінің басшысы Жайық Тазабеков:Қазақстанда АЭС салынатын уақыт келді, атом энергетикасы тұрақты электроэнергия көзі болып табылады. Сондай-ақ, жастар үшін жаңажұмыс орындары ашылады. Қазіргі уақыттатехнологиялардың дамуына қарай, гаджеттерге сұраныс артуда, бұл өз кезегінде электроэнергия тұтынуды талап етеді. Сол себепті АЭС құрылысына қолдау таныту керек»,-деді.

Жиын соңында студенттер Жолдауда айтылған басым бағыттар бойынша ой-пікірлерімен бөлісіп, қолдау білдіретіндерін жеткізді.