Сәуле Әбілдаханқызы Мақпал Жүнісова туралы: “60-тан асқанша “ерке қызбын” деп шолжаңдау - еркелік емес, ақымақтық - kaz.caravan.kz
  • $ 523.86
  • 544.34
-11 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәуле Әбілдаханқызы Мақпал Жүнісова туралы: “60-тан асқанша “ерке қызбын” деп шолжаңдау - еркелік емес, ақымақтық

Сәуле Әбілдаханқызы Мақпал Жүнісова туралы: “60-тан асқанша “ерке қызбын” деп шолжаңдау - еркелік емес, ақымақтық

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісованы қатаң сынға алды.

  • 11 Қыркүйек
  • 18378
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Қоймадыңдар ғой…

Дәңгәлін айтайын:

Мысалы, Бекболат пен Мұхамеджан сияқты «бір өнері артық» ақындар мен артистерді, жазушылар мен журналистерді, спортшыларды білеміз, бірақ олардың сол «бір өнері» үшін барлық иттіктерін кешіре аламыз ба? Мүмкін бе? Мен кешіре алмаймын, мысалы. Өнері, таланты өзіне. Адамгершілігің, санаң, парасатың, тырнақтай түйсігің болмаса, өзіңнің де, өнеріңнің де құны мен үшін көк тиын. Әрине, кешірмедім екен деп, барып төбелеспеймін… «ее, сенің де жайың белгілі болды» деп, бірден теріс айналамын, қайтып әнін тыңдамай, шығармасын оқымай, мүлде сыйламай кетемін…

Жалғыз қалған әйел, әнші, ақын, жазушы, өнерпаз аз ба? Бағланова, Төлегенова, Рымбаева, Есқалиева… Нұрмағамбетова, Құлышева, Самединова, Бибіажар… Әншілерден басқа, театр артистері қаншама!.. Ақын қыздар мен жазушы, журналист қыздар қаншама!.. Еркеліктің де жөні болады… 60-тан асқанша «ерке қызбын» деп, шолжаңдау — еркелік емес, ақымақтық… Тойда салбыраған мойындары мен қолдары, омыраулары мен қолтықтары ашық-шашық боп, шошаңдап билейтін кемпірлерді көрсем, құдай соларға титімдей сана бермегеніне жаным ашиды. Кеше сондай бір видео көрдім, былшиған кемпір ашық-шашық киініп, шошаң-шошаң етіп жүр. Еперсі. Жарасса қане!.. Жүрегің айниды. Ондай кемпірлер де, видеолар аз емес. Оларға «о, неткен күшті би!.. О, неткен ритм!..» деп, ештеңенің байыбына бармайтындар қол соғып, тамсанып отырады…

Жас болса, бір жөн, «е, жас қой, жастық шақ сонысымен қызық та» дейсің де қоясың. Кәп-кәрі кемпірлерге не жорық? «Малым — жанымның садағасы, жаным — арымның садағасы» дейтін қазақ едік. Қазір бір тойдан призге бір боқ-дүние ұтып алу үшін іркілдеп, селкілдеп, жерге жата қалып, бар әбүйірін ойрандай ашып, бар абыройын айрандай төгіп, сол приз үшін өліп кете жаздайтын болыпты. Өйткенше өлеғалсайш дейсің іштей… «Ұят болады» деген тәрбиенің, әдептің нағыз темірқазығынан айырылып қалдық… ұят түгілі, масқара, позор болса да, бүлк етпейтін болды…

Әр жастың өзіне лайық әдебі болмаса, қиын… Әдемі қартайғанға не жетсін!.. Әсіресе әйел адамға…

Психологсымақтар «кәрілік адамның миында болады… жүрек қартаймайды… адамның жасы деген жай ғана цифр…» деп соғатын болыпты… Кәрілік деген — ажал сияқты, қашып құтыла алмайтын биологиялық процесс. Ми да, жүрек те, ет те, сүйек те, ағза да — бәрі-бәрі қартаяды… бойың шөгеді, ойың шашырайды, өкпең кішірейіп, тынысың ауырлап, миың семеді… жілік майыңды кәрілік жыл сайын емес, күн сайын сорады… Кәрі жілікте неге май болмайды? Өйткені ол кәрі жілік… Қазақ: «Кәрі түйе ойнақтаса жұт болар» деген… Қанша жерден жас болғың келсе де, жас боп көрінгің келсе де — ағзаның қартаю процесі тоқтамайды. Әсіресе, 45-50ден кейін ол үдеріс үдей түседі… Тек санаңды жоғалтпау керек…

Үлкен — кішіге үлгі… Алдыңғы арба қайда жүрсе — кейінгі арба сонда жүреді… Үлкеннен ұлылық кетсе — кішіден кісілік кетеді… Үлкендер үлкендігін көрсете білгенге не жетсін…

Кейінгіге «айналайын» деп айта алатын ақ жаулықты ана, бата бере алатын ақ сақалды ата, қазыналы қария болуға жазсын сіздер мен біздерді!!”, — деп жазды журналист.