"Қандағы ерекшелік тек наймандарда кездеседі": Ғалымдар жүздеген қазақтың ДНҚ-сын зерттеп, наймандар туралы күтпеген мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қандағы ерекшелік тек наймандарда кездеседі": Ғалымдар жүздеген қазақтың ДНҚ-сын зерттеп, наймандар туралы күтпеген мәлімдеме жасады

"Қандағы ерекшелік тек наймандарда кездеседі": Ғалымдар жүздеген қазақтың ДНҚ-сын зерттеп, наймандар туралы күтпеген мәлімдеме жасады

Ғалымдар қазақтардың жүз бен руға бөлінуі халықтың ДНҚ-сына қалай әсер еткенін анықтау мақсатында генетикалық зерттеу жүргізген.

  • 12 Қыркүйек 2024
  • 110
Фото: Wikimedia Commons

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ғылыми топтың құрамына Алматы генетика және физиология институтының 20 зерттеушісі мен Виннипег университетінің канадалық зерттеушісі кірген. Олар қазіргі қазақтардың қалыптасу тарихын толық түсініп, ертедегі қазақтардың әлеуметтік-экономикалық құрылымы туралы көбірек ақпарат алу үшін қазақтардың бір-бірінің ата-бабаларының гендерімен қаншалықты байланысты екенін зерттеуді ұйғарған.

Зерттеушілер барлық үш жүздің құрамындағы 24 рудан 1171 адамның Y хромосомасын, сондай-ақ «Ақ сүйек» (қожа мен төре) аталып кеткен кірме руларды да зерттеген. Зерттеуге Ұлы жүздің 12 руынан 433 адам, Орта жүздің 7 руынан 475 адам, Кіші жүзден 241 адам және қожа руынан 16 адам, төреден 6 адам қатысқан. Зерттеуге қатысқандардың тек 61-і шетелде дүниеге келген. Зерттеуге қатысқандардың басым бөлігі өз шежіресі туралы толық ақпарат бере алған.

Бір қызығы, зерттеу нәтижесінде рулардың көпшілігінде ортақ гендер табылған. Ал, қандағы жеке гаплогруппа тек Шығыс Қазақстанда тарихи мекен еткен наймандарға тән болып шыққан. Бұл ерекшелік Қытайдың Шыңжаңы мен Ресейдің Алтай өлкесіндегі қазақ диаспораларында да кең таралған екен. Бұл ретте солтүстік-шығыс Қытайдан келген қазақтардың ДНҚ-сында бұл гаплогруппа табылмағанын да айта кету керек.

Сонымен қатар, ғалымдар ұсынған диаграммада арғын, қаңлы, сіргелі, қыпшақ және уақ руларының да генетикалық жағынан ерекшеленетінін көруге болады. Алдағы уақытта бұл тізімге төре мен қожа рулары да қосылады күтілуде.

Ал, тарихи тұрғыдан Қазақстанның басқа бөлігіне орналасқан байұлы мен албандардың ортақ генетикалық тобы басым болып шықты. Шақшам руында ортақ генетикалық топтың үлесі 100 % құраған.

Зерттеу қорытындысында ғалымдар зерттеуді жалғастыру арқылы қазақтардың генетикалық әртүрлілігіне қатысты неғұрлым нақты деректерді алуға болатынын тілге тиек еткен.

Перейти к новостям спорта