"13 жасымнан төсек қатынасы басталды": Никабтағы бойжеткен сақалдылар туралы бар шындықты жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"13 жасымнан төсек қатынасы басталды": Никабтағы бойжеткен сақалдылар туралы бар шындықты жайып салды

"13 жасымнан төсек қатынасы басталды": Никабтағы бойжеткен сақалдылар туралы бар шындықты жайып салды

Танымал заңгер Айгүл Орынбек никабтағы Айша есімді бойжеткенмен тілдесіп, діндегілердің өміріне қатысты біраз шындықтың бетін ашты.

  • 13 Қыркүйек
  • 539
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz. медиа порталы хабарлайды.

Заңгерге сұхбат берген Айша есімді қыз адам сенгісіз жайттармен бөліскен.

«Айша есімді енді ғана 18-ге толған бойжеткеннің тағдыры елді шошытты. Ол 13 жасынан бастап ер адамның қорқыту, зорлау, попсалауында болған. 7-сыныпқа дейін жақсы оқыдым деген қыз әрі қарай мектепті де тастапты.

Полициядан көмек болмағандықтан қорғансыздың күнін кешкен айша заңгерге бар шындығын жайып салды. Ол өзін сүйдім-күйдім деп кейіннен жіпсіз байлап құлдықта ұстаған ер адамның айуандығын айтты. 2005 жылы туған қызды 18-ге толмай тұрып көзімше төсектес болды дейді бойжеткен. Одан бөлек сол ер адамнан кетер болса «жалаңаш фото-видеоңды жамағат арасына таратамын» деп шошытқан. Ол дегеніңіз ертеңгі күні «халала жезөкшеге айналасың» деген сөз», — деді ол.