”22 адамды тербеген құтты бесік”: Димаш Құдайбергеннің бесігі мұражайға қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”22 адамды тербеген құтты бесік”: Димаш Құдайбергеннің бесігі мұражайға қойылды

”22 адамды тербеген құтты бесік”: Димаш Құдайбергеннің бесігі мұражайға қойылды

Димаш Құдайбергеннің бала күнінде жатқан бесігі мұражайға қойылды.

  • 13 Қыркүйек
  • 28
Фото - Caravan.kz

Бұл жаңалықпен журналист Бауыржан Бабажұлы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

“Құдайберген аға мына бесікті 1970 жылы Қанат Айтбаев дүниеге келгенде арнайы жасатыпты. Кейін Димаш та осы бесікке бөленген. Әкелі-балалы екеуі ғана емес, осы әулеттің 22 адамын тербеген құтты бесік бұл!  Бүгін Ұлттық музейде Димаштың шығармашылығына арналған көрме ашылды. Көрмеге келген жұртта есеп жоқ. Көбі шетелдіктер. Олар біздің ұлдың әрбір басқан қадамына үңіліп жатыр. Көрме 6 қазанға дейін созылады. Келіңіздер, көріңіздер!, – деп жазды ол.