"Шақыруын шақырып алып, пасылать етеді": Жеңіс Ысқақова әншілерді қара тізімге жіберетін отандық телеарналар туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шақыруын шақырып алып, пасылать етеді": Жеңіс Ысқақова әншілерді қара тізімге жіберетін отандық телеарналар туралы

"Шақыруын шақырып алып, пасылать етеді": Жеңіс Ысқақова әншілерді қара тізімге жіберетін отандық телеарналар туралы

Танымал әнші, қазақ эстрадасының жұлдызы Жеңіс Ысқақова күні кеше ұлттық арнамен сөзге келген Ақбота Керімбекова қолдау білдірді.

  • 17 Қыркүйек
  • 212
Фото - Caravan.kz

Ол отандық арналар әншілерді осылай қара тізімге жіберетінін атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы әнші өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Ақботажанның жанайқайы мені бей-жай қалдырмады,айтып отырғаны дұрыс та, әрі тереңдеп кеткен мәселе. Оның ашынып отырғаны — құрметсіздік! Өздері шақыруын шақырып алып пасылать етіп отырғандары тіпті масқара.Ол аз болғандай жағдайдың мән-жәйін дұрыс түсінбей айтылып жатқан пікірлерді оқып,тағы қарным ашты. Қазір эфирдің емес, интернеттің заманы. Солай бола тұра алтын уақытын қиып үлкенмін демей, жоба ұсынысын құп алып барып тұрғанда жасағаны осы болса,Ақботадан осындай үндеуден басқа не әрекет күтуге болады?! Біз де мұндайдың талайын көрдік. Басың бар, жасың бар демей, өз ұлтымыздың арналарында да қара тізімге енген кездер де болған.Ал, дәл мынадай Ресейлік арналардағы жобалардың көшірмесін қойғаны үшін әйдік боп жүрген самозванец медиагруптар мемлекет қаржысынан миллиондап ақша алады, сосын танымал адамдарды пайдаланып, отчетін жабады. Ал, сол жобада Ресей, украинадан келген режиссерлардың шешімімен ит бол десе ит болып, мысық бол десе мышық болып жүрген қолбала әртістер баяғы қазақшылықпен көк тиын алмай, өз тыңдармандарына жек көрінішті болып қала береді. Сондағы еститін сөзіміз осындай ма?! Сондықтан Мен Динара Адам жазба түрде өткен-кеткенді айтып типа дос екендігін дәлелдегенше, көп алдында Ақботадан кешірім сұрағаны жөн деп ойлаймын. Тағы айтайын дегенім, жалпы әрбір телевизиялық түсірілімдермен концерттер қатысушыларға қалам ақы төлеп бастау керек, сол кезде бәрі әділетті болады», — деп жазды ол.