"Бірін бірі құтқармақ болған". Алматы облысында құдықтан үш адамның денесі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бірін бірі құтқармақ болған". Алматы облысында құдықтан үш адамның денесі табылды

"Бірін бірі құтқармақ болған". Алматы облысында құдықтан үш адамның денесі табылды

Құдыққа бірінен кейін бірі түскендер, сол күйі жер бетіне шықпаған.

  • 18 Қыркүйек
  • 11
Фото - Caravan.kz

Алматы облысы Кеген ауданында құдықтан үш адамның денесі табылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа поратлы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Су тоқтап қалған соң әкесі 15 жастағы ұлын ертіп, үйінің жанындағы құбырды тексермек болыпты. Қасында көршісі де болған. Құдыққа бірінен кейін бірі түскендер, сол күйі жер бетіне шықпаған.

«Бірінші інімді алып шықты. Қарасақ, денесі суып кеткен. Бірінші көмектен кейін құсып жіберіп, көзін ашты … болды. «Жүріп кеткен» деді. Одан кейін Серік деген ағаны шығарды. Үшіншісін де, түбіне жете алмай, су болып тұр іші. Өрт сөндірушілер суды сорғызып, баланы шығарып алды. Ол кезде бала көгеріп кеткен», деп КТК марқұмның туысы Дина Айтбаеваның сөзін келтіреді.

Әу баста, құдықты бір қарап шығуға 15 жастағы жасөспірім түскен екен. Ол сол арада талып қалады. Әкесі құтқаруға ұмтылғанымен, кері шыға алмай, ес-түссіз құлаған. Артынан 56 жастағы көршісі түсіп, ол да төменде тіл тартпай кетті. Туыстарының шырылдап отырғаны — құдықтың беті көлік жүретін жолдан бір қарыс төмен орналасқан. Топырақпен көміліп жатқанына бір айдан асыпты. Бітеу тұрып, ауа айналымы жүрмегендіктен, ішінде улы газ пайда болуы мүмкін.