"Ауыздарынан ақ ит кіріп, көк ит шыққандар...Жастарға орын беріңіздер": Танымал журналист отандық телеарналардағы былық туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ауыздарынан ақ ит кіріп, көк ит шыққандар...Жастарға орын беріңіздер": Танымал журналист отандық телеарналардағы былық туралы

"Ауыздарынан ақ ит кіріп, көк ит шыққандар...Жастарға орын беріңіздер": Танымал журналист отандық телеарналардағы былық туралы

Танымал журналист, отандық медиа менеджер Самал Ибраева қазақ телеарналарындағы былықтың бетін ашты.

  • 18 Қыркүйек
  • 54
Фото - Caravan.kz

Ол аутсорсинг алатын компаниялар мен оларға кететін қаражатты тексеруді талап етті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Журналист өз пікірін желідегі парақшасында қалдырды.

«Мемлекеттік арналардағы монополия туралы

Аутсорсинг алатын компаниялардың атаулары, оған бөлінетін қаражат жайлы мәлімет ашық па? Ресми сауал жолдағандар бұл дерекке қол жеткізе алмағанын естідік.

“Екі жұлдыз” жобасы әлі күнге дейін эфирде көрсетіліп жатқаны таңғаларлық жайт. Әрі оны жылда бір ғана компания өткізеді дейді. Майшелпекті тапқан.

Аталған жобаны халықтың көзін ашатын, сауатын көтеретін жобамен алмастыруға болмас пе екен. Әлде ол ешкімге қажет емес пе?

Біз бүгін бұл мәселені жәй ғана түртіп өттік. Оған шалқадан түсіп ренжудің қажеті жоқ. Бүгін тараған аудиодағы диолог, сөйлеу мәнері көп нәрсені көрсетті. Ауыздарына ақ ит кіріп, көк ит шыққандар қалай идеология тізгінін ұстап, контент жасап отыр?

Бәленбай жыл эфирді билеп алғандар, жастарға орын беріңіздер. Және қайдағы жоқ блогер, дилетанттарға емес, осы саланың мықты мамандары — салада қаншама жыл мандай терін төгіп, еңбек етіп жүрген журналистер бар екенін атап айтқым келеді», — деп жазды ол.