"Әнші жарамайды, маман керек": Үкімет халыққа атомның қауіпсіз екенін ежіктеп түсіндіру керек - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әнші жарамайды, маман керек": Үкімет халыққа атомның қауіпсіз екенін ежіктеп түсіндіру керек

"Әнші жарамайды, маман керек": Үкімет халыққа атомның қауіпсіз екенін ежіктеп түсіндіру керек

6 қазанда референдум өтеді. Халық таңдау жасауы керек. Ал таңдау жасау үшін халықпен тығыз диалог орнататын мелмекет керек.

  • 18 Қыркүйек
  • 16
Фото: ашық дереккөз

Кей адамдар ұшақпен ұшуға қорқады. Бірақ аспандағы ұшақтан көрі, жердегі көліктен мың есе көп адам өлген. Ұшақ ең қауіпсіз транспортқа жатады, деді қаржы сарапшысы Айбар Олжаев. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бейбіт атом да тура сол. Көмірден мың есе көп адам өледі. Бірақ көмірфобия жоқ. Есесіне атомофобия бар.

Белгілі американдық сарапшы Дэниел Понеменнің айтуынша, атом энергияның ең қауіпсіз түрлерінің бірі. Ол бұл пікірін былайша түсіндіреді. Егер бір тераватт-сағаттағы өлім-жітім санын алып қарасаң, әлемде отынның негізгі көзі саналатын көмір бір тераватт-сағатта 25-30 адамды өлтіреді. Ал атом энергиясының көрсеткіші 0,1-ден де аз.

Енді әлем бойынша АЭС-терде болған апаттарды алып қарайық. «Three Mile Island» атом электр стансасында ешкім қайтыс болған жоқ. «Фукусима-1» атом электр стансасында радиациядан бір адам қайтыс болды. Әшейінде ымыраға келуі қиын АҚШтағы екі партия да атомды бірдей қолдайды.

Америка озық технологиялардың арқасында атомды 100 ГВт-тан 2050 жылға қарай 300 ГВт-қа дейін көбейтуге тырысуда. Тұтастай алғанда, шығарындылардың таза нөлдік деңгейіне қол жеткізу үшін АҚШ-қа шамамен 550-770 ГВт қосымша таза және тұрақты қуат қажет екен. Олар ядролық энергетикада жоғары жалақы төленетін жұмыс орындарын құруға барын салуда.

Әйтпесе 1979 жылы Пенсильвания штатындағы «Three Mile Island» атом электр стансасындағы апат қоғамда антиядролық көңіл-күйдің өршуіне себеп болды. Кешеге дейін АҚШ-та атом электр стансаларын салуға бірде-бір жаңа лицензия берілген жоқ. Поенмен соның кесірінен сала мамандары азайып жатыр дейді.

Америкалықтар да ядролық қалдықтар мәселесіне алаңдайды екен. Ең үлкен мәселе де сол. Ядролық қалдықтар салынған бұл контейнерлер жүздеген немесе мыңдаған жылдар бойы сақталуы мүмкін.

«Сондықтан халықпен диалог қажет. Билік мұны халыққа таңуға тырыспауы керек. Бұл жерде билік Финляндиядан үлгі алсын. Фин үкіметі халыққа атомның қаншалықты қауіпсіз екендігін ежіктеп түсіндірген. Сосын жұрттың да орнықты көзқарасы қалыптасқан. Бізде де ғалымдардың, сарапшылардың пікірін көрсету, дұрыс консультативті процесс қажет. Бұл жерге әнші жарамайды. Бұл жерге маман керек», — деді сарапшы.