U23 Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
U23 Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды

U23 Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды

Албанияның Тирана қаласында өтетін U23 әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды.  

  • 18 Қыркүйек
  • 4
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әлемдік дода 21-27 қазан аралығына жоспарланған. Руслан Өмірәлиев жаттықтыратын отандық еркін күрес шеберлері Тирана төрінде бақ сынайды.

Еркін күрестен U23 әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасы: 

57 келі: Алан Оралбек

61 келі: Әділет  Әлмұхамедов

65 келі: Бекзат Ермекбай

70 келі: Ернұр Нұрғазы

74 келі: Әлі анықталу үстінде 

79 келі: Жеңіс Қаныбеков

86 келі: Нұржан Исағалиев

92 келі: Бекзат Аманғалиев

97 келі: Ризабек Айтмұхан

125 келі: Омархан Надиров