Қызылордада оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеуге қатысты 13 адам анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеуге қатысты 13 адам анықталды

Қызылордада оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеуге қатысты 13 адам анықталды

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қызылордада 16 жасар оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу туралы қылмыстық іске қатысты жаңа деректерді жариялады.

  • 19 Қыркүйек
  • 7
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы inform.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды,

«Осы бойынша 13 адам анықталды, оның ішінде 11-і қамауға алынды, екеуі үй қамақта отыр. Қазіргі кезде бірқатар бап бойынша қылмыстық істер қозғалды. 13 адамның арасында қызды мәжбүрлегендер де, ұйымдастырғандар да бар. Бұл іс бойынша басқа деректерді жариялай алмаймын, себебі оның мән-жайы тергеушілердің құзыретінде», — деді И. Лепеха Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, оқушы қызға қатысты заңсыз әрекет жасағандардың барлығы тексеріліп жатыр.

Осыған дейін тамыз айының соңында Қызылордада оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеген 8 күдікті қамалғаны хабарланған еді. 

Еске салсақ, биыл тамыз айында Қызылорда қаласында мектеп оқушылары «сыныптасын секс-құлдықта ұстады» деген күдікке ілінді

Бір топ жасөспірім 16 жасар қызды қинап ұстағаны, есірткі беріп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені туралы ақпарат тарады.

Оқушы қыздың ата-анасы жағдайды қоғамдық қорға хабарлаған.

Қызылорда полициясы аталған дерек бойынша күдіктілерді ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Кейін күдікке ілінген мектеп оқушылары үйқамаққа ауыстырылды.

Оқиғаға байланысты №7 мектеп-лицей директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психологы, әлеуметтік педагогі, сынып жетекшілері жұмыстан босатылды