Студент стипендиясымен де үй алуға болады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Студент стипендиясымен де үй алуға болады

Студент стипендиясымен де үй алуға болады

Бұл бағдарлама келесі жылдан бастап іске қосылады.

  • 19 Қыркүйек
  • 25
Фото: ашық дереккөз

Мұндай керемет мүмкіндікті әйелдерге арналған «Ұмай» бағдарламасы ұсынады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл ипотекамен 18-ге толған әйел статусына қарамай пәтер ала алады. Қазақстанның кез келген қаласынан. Бұрын 4 қаламен (Астана, Алматы, Атырау, Ақтау) ғана шектелетін. Енді ондай «қолбайлау» жоқ.

Сонымен, «Ұмай» бағдарламасы 2025 жылы қайта іске қосылғалы жатыр.

Соңғы өзгерістердің ұтымды тұстары:

•⁠ ⁠кезекке тұрудың қажеті жоқ;
•⁠ ⁠отбасылық статусқа шектеу қойылмайды;
•⁠ ⁠кез келген жұмыс орны жарай береді;
•⁠ ⁠атыңда екі немесе үш үй болса да кедергі емес;
•⁠ ⁠адрес бойынша тіркеуде болу міндетке жатпайды;
•⁠ ⁠қаладан да, ауылдан да үй алуға болады;
•⁠ ⁠жаңа үйден де, екінші нарықтан да үй алуға болады;
•⁠ ⁠БЖЗҚ-дағы жинақ ақшаны пайдалануға болады (жинақты Otbasy шотына аудара аласыз немесе туысыңыз өз жинағын аудара алады);
•⁠ ⁠айналаңдағы кез келген адам «созаемщик» бола алады (ата-анаң, бауырың, туысың, досың/құрбың);
•⁠ ⁠студент стипендиясы табыс көзі ретінде қарастырылады.

Енді бағдарламаның шарттарын айтайық:

•⁠ ⁠15-20% – бастапқы жарна. Ол «Отбасы» депозитінде жатуы керек;
•⁠ ⁠2016 – үйдің салынған жылы осы мерзімнен төмен болмауы керек;
•⁠ ⁠950 000 – табыстың максималды деңгейі (осыдан асып кетпесе болды);
•⁠ ⁠50 000 000 – баспананың максималды құны.

«Әзірге банктің 300 нөміріне қоңырау шалып, кеңесшілерді жағалап филиалдарға жүгірудің қажеті жоқ. Сізге керегі мынау, құрметті ханымдар: өз нұсқаларыңызды қарастырыңыз, банк шарттары ыңғайға келе ме – ойланып көру, депозитті тексеру және оны 2024 жылы толтыруды ойластыру. Қажет болса, банктің мобильді қосымшасында немесе кеңесшілерге барып депозит ашу», — деп жазады «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов өзінің Facebook-тегі парақшасында.