"Ешқандай да ойын емес, далбаса әңгіме": Бибігүл Дәулетбек өз-өзіне қол салған қыздар туралы бар шындықты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 492.17
  • 522.39
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ешқандай да ойын емес, далбаса әңгіме": Бибігүл Дәулетбек өз-өзіне қол салған қыздар туралы бар шындықты айтты

"Ешқандай да ойын емес, далбаса әңгіме": Бибігүл Дәулетбек өз-өзіне қол салған қыздар туралы бар шындықты айтты

Танымал журналист Бибігүл Дәулетбек Алматыда бірінен соң бірі өз-өздеріне қол салып, көз жұмған қыздар туралы пікір білдірді.

  • 23 Қыркүйек
  • 234
Фото - Caravan.kz

Ол мұндайға ата-ана кінәлі екенін ашып айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы журналист Instagram желісіндегі Stories бөлімінде айтты.

Журналистің айтуынша, қыздарды мұндайға итермелеген ойын болмауы мүмкін.

«Алматыда тағы да 12 жасар қыз көп қабатты үйден секіріп қайтыс болды. Бір аптаның ішінде үш қыздың секіріп өлуі — трагедия… Бұл балаларды өлімге итермелеп жатқан ешқандай да ойын емес! Далбаса әңгіме! Немқұрайлылық! Иә, өздеріңіз жіберген қателіктер…», — деп жазды журналист.