Стенд атудан Азия кубогы: қазақстандық спортшылар бірнеше медаль алды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.54
  • 533.76
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Стенд атудан Азия кубогы: қазақстандық спортшылар бірнеше медаль алды

Стенд атудан Азия кубогы: қазақстандық спортшылар бірнеше медаль алды

Алматы облысында өтіп жатқан стенд атудан Азия кубогінде Қазақстан қоржыны тағы бірнеше медальмен толықты.

  • 26 Қыркүйек
  • 4
Фото: olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ерлер арасындағы «дубль-трап» бағдарламасында Қазақстан құрамасы күміс медаль жеңіп алды. Бұл бәсекеде ел намысын Әлішер Айсалбаев, Владлен Калимулин және Никита Чикулаев қорғады.  

Владлен Калимулин «дубль-трап» бойынша жекелей сында қола медаль иеленді. Сондай-ақ, «трап» санатындағы жасөспірімдер арасындағы командалық сында Қазақстан құрамасы алтын медальға қол жеткізді. 

«Трап» жаттығуы бойынша әйелдер арасындағы командалық сында Айжан Досмағамбетова, Анастасия Прилепина және Карина Почиваловадан құралған Қазақстан командасы қола медаль еншіледі. 

«Трап» жаттығуынан ерлер арасындағы командалық сында Қазақстан құрамасы (Әлішер Айсалбаев, Марк Почивалов, Виктор Хасянов) күміс медаль иеленді.