Маңғыстауда жаңа хаб қызметі 200 жұмыс орнын ашады - kaz.caravan.kz
  • $ 493.85
  • 519.04
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстауда жаңа хаб қызметі 200 жұмыс орнын ашады

Маңғыстауда жаңа хаб қызметі 200 жұмыс орнын ашады

Үкімет басшысы Маңғыстауға барды.

  • 26 Қыркүйек
  • 4
Фото: Ақорда

Олжас Бектенов Жаңаөзен қаласына, Құрық және Ақтау порттарына, басқа да маңызды стратегиялық нысандарға соғып, тіршілік тынысымен танысты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ақтау порты — жалғыз Қазақстанның теңіз қақпасы. Халықаралық тасымал сұраныстарына да жауап бере алатын порт биылғы жылдың сегіз айының өзінде өз шамасынан 3 миллион тоннадан артық жүкті сыртқа шығара алған. Негізгі бағыттар, әрине, Әзірбайжан, Иран, Түркменстан және Ресей секілді елдер.

Каспийдегі контейнер хабы туралы әңгімені осы тұстан бастайын: Ақтау портына барған Бектеновке «Қазақстан Темір Жолы» АҚ басшылары жаңа жобаны таныстырған. Жаңа болғанда бұл өзі әбден пісіп, жетіліп тұрған, әуел баста Мемлекет Басшысының тікелей тапсырмасымен қолға алынып, әні-міні іске асқалы тұрған жоба.

Халықаралық серіктесі — Қытайдың теңіз порттары саласындағы маңдайалды мекемесі — Ляньюньган Порты компаниялар тобы. Жаңа контейнер хабының жұмысын басқаратын бірлескен кәсіпорын құрылады. Бұл кәсіпорынға ең аз дегенде 200 жергілікті маман жұмысқа алынады.

Shanghai Investment and Development Company Limited, бұл Ляньюньган портының еншілес мекемесі — 51%. «KTZ Express», бұл ҚТЖ АҚ еншілес мекемесі — 24,5%;

«Ақтау теңіз сауда порты» ҰҚ АҚ — 24,5% иелік ететін кәсіпорын Ақтау портының әлеуетін қазіргіден де еселеп арттыратын алып ұйымға айналады. Қазір құжаттары сақадай сай, тендерлік сату-сатып алу үдерістері өткен соң құрылыс басталып кетеді.

2025 жылдың 30 маусымында жұмыстың І кезеңі аяқталып, контейнерлік хаб қызметіне кіріседі.

Хаб немен айналысады? Кәдімгі вагондардан тасымал контейнерлеріне жүкті қайта тиеу мен түсіру, Ақтау портына келетін жүк көлемін ұлғайту, ең бастысы — теңізбен де, темір жолмен де, тас жолмен де келетін жүктерді бөгеліссіз жөнелтіп, тұтас Батыс аймақтың логистикалық қабілетін жаңа деңгейге шығару — хабтың басты міндеті!

Айтпақшы, осы үлкен шараға тұсында «Қазақстан Темір Жолы» АҚ сала ардагерлері мен үздік мамандарын «Қазақстан темір жолдарының 120 жылдық мерейтойы мерекелік төсбелгісімен» марапаттапты! Еңбегі адал, қызметі қарқынды қызметкерлерді ұдайы ынталандыру назардан тыс қалмауы керек-ақ!

«Мені қатты қуантып отырғаны — 200 жұмыс орны. Бұл дегенің 200 адамға тұрақты айлық, олардың бала-шағасының тұрақты несібесі ғой, несін айтасың?!», — деп жазды Алмас Алтай.