Балалар шығармашылығын дамыту - басты міндет - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балалар шығармашылығын дамыту - басты міндет

Балалар шығармашылығын дамыту - басты міндет

Дарынды бала дегеніміз – туа біткен қабілеттілік дамудың алғышарттарына ие оқушы. Талантты жан болса, өзінің бойындағы қабілеттерін дамыту арқасында белгілі іс-әрекет түрі бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізе алады. Данышпан дегеніміз – бұл белгілі бір немесе бірнеше іс-әрекет түрлері бойынша ел таныған әрі даусыз мойындаған табыстарға қол жеткізе алған тұлға.

  • 28 Қыркүйек
  • 3384
Фото - Caravan.kz

Осы орайда «Бала – біздің болашағымыз» деп, балалар шығармашылығын белсене қолға алған «Талант» орталығының меңгерушісі Байсапар Меруерт Ерболқызымен Caravan.kz порталының тілшісі сұхбаттасты.

-Қазіргі таңда түрлі орталықтар көбейген. Мәнін кетіріп алмадық па? Табыс көзі болып кетпеді ме? Бұл жалпы қуанта ма санның артуы. Осы жөнінде не дейсіз?

-Сұрағыңыз өте орынды. Оны сіз бен біз айтпасақ та баршаға аян. Қазіргі уақытта орталықтар өте көп. Бизнес ретінде ашқандары да бар шығар. Әрине, мен бәрі үшін жауап бере алмаймын. Демек, сұранысқа ие болғандықтан, бала санының көбеюінің де әсері деп ойлаймын. Бұл бізді барлық жағынан қуантады. Орталықтың көп болғандығы екі тарап үшін де жақсы. Ұнатқан халық өзінің таңдауына қарай бағыт алады.

Ал, мен өзіміздің орталық жайлы айтар болсам, ауылымызда осы бір ғана «Талант» орталығымыз бар. Бұл орталықтың ашылу себебі, бізде алысқа барып-келу көп бала үшін және ата-ана үшін қиындықтар туғызады. Бір баланың қасында аналары жетелеп, алысқа апара алмайды. Ауылымызда қосымша сабаққа, тіл үйрену, би өнері, домбыра, сурет салуға барлық бала қызығады. Сол себепті, өзім жалпы осы орталықты ашуға бел байладым.

Қазіргі таңда балалар телефонмен ұзақ уақыт отырады. Ғаламтор жаулаған замандамыз. Әрине, заман талабынан тысқары қалуға да, оған беріліп кетуге де болмайды. Одан қалды ата-аналар да сабақ оқытып, тек бала тәрбиесімен үйе таңылып отыра алмайтыны да ақиқат. Ата-ана жұмыста, ал, бала қараусыз. Сол себепті, ойлана келе орталыққа қосымша сабаққа келіп білікті , білімді мамандармен сабақ өткендерін жөн көрдік.

«Талант» орталығының ерекшелігі неде? Қай қырымен ерекшеленесіздер? Ата-ана баласы үшін не себепті сіздерді таңдауы керек?

-Орталықтың ерекшелігі бізде мектептегі сияқты 20-25 баламен жұмыс жасамай жеке (индивидуально) әр баламен жұмыс жасап балалардың кітапқа, білімге деген құштарлығын ашу. Жоғарыда атап өткенімдей, біз санға емес, сапаға жұмыс жасаймыз. Ісіміздің нәтижелі болуын қалаймыз. Ата-ана өз қалауларымен бізге келіп балаларын табыстап жатады. Мұндай жағдай әрбір келегн бала санының артуынан байқалады. Бұл бізді қуантады. Ал, әрі қарай деңгейлерін жалғастыру біздегі білікті мамандарымыздың қолында.

Жалпы, баламен жұмыс жасау оңай емес. Ал, бойындағы талантын ашып, қандай да бір өнерге баулу ерекше шыдамдылық пен байқампаздықты талап ететіні айтпасақ та түсінікті. Осы тұрғыдан қандай қиындықтар кездесіп жатады?

-Әрине, дұрыс айтасыз. Балалармен жұмыс жасау қиын, бірақ, әр баламен жеке жұмыс жасасаң, бала нені қалайды бірден білінеді. Мысалы, оқығысы келмей тұрған баланы, ойын арқылы сабақты түсіндіре аламыз. Ойынды ұнатпайтын балаларға, сурет салу арқылы сабақты түсіндіреміз. Жазуға да ерінетін балалар болады. Оларға дайын шығарылған материалдармен түсіндіре отырып, әрі қарай алып кетеміз.

Бізде қазір шет тілі өте қажет тіл болып есептеледі. Мектепте 45 минут ішінде ашып түсіндіре алмайтын тақырыптар болады. Соны біздің орталықта ағылшын, қытай, орыс тілі пәндерінің мұғалімі бар. Мен өзім — жоғары білімді ұстаз, Қытай Халық Республикасында ЖОО оқып келгенмін. Сол жақтың методикасымен сабақтар өткіземін. Балалардың тілге деген  қызығушылығы өте керемет. Тіпті, халықтың ұнатқаны соншалық,  бір-біріне айтуы арқылы іздеп, сұрап келеді.

Сондай-ақ, жалпы ұстаздарымыз жайлы айта кетсем Каһарманова Райгүл Ғалымқызы қаншама жылдық стажы бар ұстаз. Балалармен сүйсіне жұмыс жасайды. Нуракынова Меруерт домбыра сабағынан білікті маман, Жанзакова Айнұр сурет және мүсіндеу сабағының білікті ұстазы. Осындай ұжым барда біздің балалар бір жерден жарқырап шығатынына нық сенімдімін.