"Есікті күзетіп, түнімен хабарласады": Жанқош Тұраровтың әйелі Әнару Құрманәлінің әрекетіне ашуланды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.23
  • 534.96
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Есікті күзетіп, түнімен хабарласады": Жанқош Тұраровтың әйелі Әнару Құрманәлінің әрекетіне ашуланды

"Есікті күзетіп, түнімен хабарласады": Жанқош Тұраровтың әйелі Әнару Құрманәлінің әрекетіне ашуланды

Боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі, блогер Клара Иса “боксшыдан зорлық көрдім” деген Әнару Құрманәліге қатысты шындықты айтты.

  • 30 Қыркүйек
  • 115
Фото - Caravan.kz

Басы дауға қалған боксшының әйелі Клара Иса Әнарудың Жанқошқа белгісіз нөмірлермен күні-түні хабарласатынын, уақыты келгенде бәрін айтатындарын жазды.

«Түнімен, Құдайдың құтты күні Әнарудан осындай қоңыраулар келеді. Не әңгіме айтатынын естігілеріңіз келе ме? Қыздың бұндай қырын көрсету – тіпті ұят әрі аянышты. «Зорланған ару» есікті күзетіп, тоқтаусыз хабарласа ма? Уақыты келгенде барлығын көрсетеміз. Біз полиция шақырып, сау емес жағдайына қарап, ұстатып жіберсек те болар еді. Адамдыққа салынып, аяп отырмыз. Бұл – ашуланатын емес, аяйтын жағдайдағы адам ғой. Қиялына ерік берген деп Жанқошты тоқтатып отырмын, – дейді боксшының әйелі.

Сондай-ақ «Жанқоштың үйленгенін білмедім» деген Әнару бұл жұпқа лүпіл жіберіп, әлеуметтік желіде фотоларын көріп отырған.

“Лүпіл басып, реакция жіберген күндеріне мән береміз. Бізге қалай қызығатынын жүрекжарды комментарий жазып келген. Кешке жақын ол қыздың фотоларын салсаң тауып алып аямаймыз деген қоңыраулар келді. Суицид жасауға бейім қыз, психикалық ауытқуы барын біле тұра тағы да фото-видеоларын салсаң, кінәлі сен боласың деп те аяныш сезімін оятуға тырысты”, – деді блогер келіншек.