Жыл басынан бері суицид жасаған 14 жеткіншек мас болған – ҚР ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 481.19
  • 538.45
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл басынан бері суицид жасаған 14 жеткіншек мас болған – ҚР ІІМ

Жыл басынан бері суицид жасаған 14 жеткіншек мас болған – ҚР ІІМ

Жыл басынан бері суицид жасаған және соған әрекеттенген 14 жеткіншек мас күйде болған.

  • 30 Қыркүйек
  • 4
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

Сондай-ақ өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген бір жасөспірім есірткілік масаң күйде болған. 

Талдау көрсеткендей, суицидтер мен суицид жасауға әрекеттенудің басым бөлігі 15-17 жас аралығында, яғни өтпелі кезеңдегі жасөспірімдерге тиесілі. 

«Құрметті ата-аналар, балалардың мінез-құлқы мен эмоционалдық жағдайын бақылауда ұстаңыздар. Олармен ашық әңгімелесіңіздер. Қызығушылықтары туралы біліп жүріңіздер. Уақыт бөліп, барынша қолдауға тырысыңыздар. Балалардың көңіл күйіндегі, мінез-құлқындағы немесе әлеуметтік ортасындағы өзгерістерге назар аударыңыздар. Жай ғана жылулық пен қамқорлық танытудың өзі қайғылы жағдайдың алдын алуы мүмкін», — деді ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

Айта кетейік, жыл басынан бері суицидтік белгілері бар 43 интернет-ресурс анықталды. Ішкі істер министрлігі соңғы уақытта мессенджерлерде қауіпті ойындар туралы ақпарат таралғанын ескерткен еді. Мұндай ойындарда өзін-өзі өлтіру элементтері кездеспейді, бірақ, онда балалардың психикасына теріс әсер ететін қашу, бағынбау сияқты әрекеттерді құптау қаупі болуы мүмкін.