”Қазақтар қызба мінезді әрі бірбеткей”: Өзбекстан халқы қазақтар туралы не ойлайды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.11
  • 532.25
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
2 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Қазақтар қызба мінезді әрі бірбеткей”: Өзбекстан халқы қазақтар туралы не ойлайды

”Қазақтар қызба мінезді әрі бірбеткей”: Өзбекстан халқы қазақтар туралы не ойлайды

Қазақ пен өзбек халқының спорттағы, мәдениеттегі, кинодағы жетістіктері, ұлттық ерекшеліктері айналасындағы әңгімелер тоқтаған емес.

  • 2 Қазан
  • 50
Фото - Caravan.kz

Бұл жолы әлеуметтік желіде өзбек халқынан қазақтардың сыртқы келбеті, мінезі туралы сауалнама алынған видео тарады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Сұхбат алушы қазақтардың өзбектерден негізгі айырмашылығын сұраған. Өзбекстан жастары бұл сұраққа түрлі жауаптар айтқан.

”Қазақтар бірбеткей және сабырлы”, “Қазақтар физикалық тұрғыдан ірі”, “Олардың терілерінің түстері, көздерінің формасы өзгеше”, “Қалжыңдары ерекшеленеді. Олардың фильмдерін көрсең де әзілді соншалықты терең сезінетінін түсінесің”, “Мен өзім жартылай кәріспін бірақ, қазақтар мен кәрістерді жиі шатастырамын. Бұл олардың кемшілігі емес”, “Қазақтар қызба мінезді”, “Әрине, бірінші сырт келбеттері бізден ерекшеленеді. Екіншіден, олар өздерін батырлар сияқты ұстайды”, — дейді олар.