”Таеквондодан әлем чемпионаты”: Қазақстандық спортшы күміс жүлде алды - kaz.caravan.kz
  • $ 483.23
  • 534.74
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
2 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Таеквондодан әлем чемпионаты”: Қазақстандық спортшы күміс жүлде алды

”Таеквондодан әлем чемпионаты”: Қазақстандық спортшы күміс жүлде алды

Таеквондодан Қазақстанның жасөспірімдер командасының өкілі Нұрай Қазнабек Чунчхонда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді.

  • 2 Қазан
  • 5
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Спортшы 59 келіге дейінгі салмақта екінші орыннан көрінді. 

Финалда ол Ираннан келген Айназ Насириге есе жіберді. Ал үшінші орынды канадалық Элла Брюстер мен хорватиялық Мария Углегич өзара бөлісті.