Ақтауға сұр қоқиқаздар ұшып келді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауға сұр қоқиқаздар ұшып келді

Ақтауға сұр қоқиқаздар ұшып келді

Ақтау іргесіндегі Қаракөл көліне қоқиқаздар келді. Блогер Азамат Сәрсенбаев әсерлі видео жариялады

  • 4 Қазан
  • 5
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Құстардың осы уақытта дәстүрлі мекені – Қаракөл көліне келуі ақтаулықтар үшін таңғаларлық жағдай емес. Бірақ құстардың түсі көпшілікті таңғалдырған. Неге қоқиқаздар сұр?

Қазақстандағы қоқиқаздардың қоныс аударуын көптен бақылап жүрген Азамат Сәрсенбаев бұл құбылысты түсіндірді.

«Сұр — бұл қоқиқаздың нағыз түсі, олар туғанда сұр болады және біртіндеп тамақтанудың арқасында (белгілі бір пигменттері бар балдырлар мен шаян тәрізділермен қоректенеді) есейген сайын қызғылт және қызыл түске боялады», — деп жазды ол.

Сәрсенбаев құстардың Маңғыстау облысына екі рет ұшып келетінін атап өтті: қыркүйектің ортасынан бастап қарашаның аяғына дейін, екінші рет наурыздың басында келіп, мамырдың ортасына дейін сонда болады.