"Райм 2015-ші жылдан бастап продюсер Диддимен жұмыс жасап, вечеринкаларында болған": Ерке Есмахан сұмдық жайтты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 481.84
  • 531.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
5 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Райм 2015-ші жылдан бастап продюсер Диддимен жұмыс жасап, вечеринкаларында болған": Ерке Есмахан сұмдық жайтты айтты

"Райм 2015-ші жылдан бастап продюсер Диддимен жұмыс жасап, вечеринкаларында болған": Ерке Есмахан сұмдық жайтты айтты

Танымал әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм жайлы ел күтпеген мәлімдеме жасады.

  • 5 Қазан
  • 105
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ерке Есмахан инстаграм желісінде рэпер әрі продюсер Пи Дидди жайлы ақпаратты жариялау барысында күйеуі жайлы да айтты.

«Ерке Есмаханның жолдасы әнші, рэпер Райм да 2015-ші жылдан бастап продюсер Диддимен жұмыс жасап, вечеринкаларында болған деген сыбыс бар«, деп жазды.

Бірақ, бұл әншінің әдеттегі қалжыңы екені белгілі.

P.Diddy деген кім?

54 жастағы P.Diddy-дің шын есімі – Шон Комбс. Ол – америкалық музыка магнаты және хип-хоптың ықпалды продюсері, 90-жылдары даңққа ие болды. Ол рэпер Notorious B.I.G-дің продюсері болды және оның No Way Out дебюттік альбомы 7 миллионнан астам данамен сатылған. Сонымен қатар Грэмми сыйлығының үш мәрте иегері атанып,  Мэрайя Кэри, Мэри Дж. Блайдж және Ашер сияқты жұлдыздармен жұмыс істеді.

Музыкадан басқа ол сән, телеарна және алкоголь бизнесі саласында жобалар жасады.