Тоқаевтың қазіргі Үкімет жұмысына көңілі тола ма - kaz.caravan.kz
  • $ 481.84
  • 531.33
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
6 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаевтың қазіргі Үкімет жұмысына көңілі тола ма

Тоқаевтың қазіргі Үкімет жұмысына көңілі тола ма

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС бойынша референдумда дауыс бергеннен кейін журналистердің сұрағына жауап берді

  • 6 Қазан
  • 5
https://kaz.zakon.kz/kogam-tynysy/6050291-toaevty-azrg-kmet-zhmysyna-kl-tola-ma.html

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысына брифинг барысында «Қазіргі Үкіметтің жұмысына көңіліңіз тола ма?» деген сұрақ қойылды.

«Менің ойымша, Үкімет белсенді жұмыс істеп жатыр. Мемлекет басшысы ретінде қойған міндеттерімді орындауға тырысады. Жұмысымыз өте қауырт. Ол бұқаралық ақпарат құралдарына көріне бермеуі мүмкін. Ақпараттарды жан-жақтан алып отырамын. Жалпы, мен көп оқитын адаммын. Сондықтан елдегі барлық оқиғадан әрқашан хабардармын. Министрлердің және Үкіметтің жұмысында кемшін кетіп жатқан тұстар болса, әлбетте, ескертемін. Жеті ай деген көп уақыт емес. Үкімет мүшелері өздерін көрсетуі керек. Ең басты міндет – ел экономикасының дамуына серпін беретін мүмкіндіктерді іздеу», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.