“Референдум барынша ашық өтті” - Сарапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Референдум барынша ашық өтті” - Сарапшы

“Референдум барынша ашық өтті” - Сарапшы

Референдум кезінде тәуелсіз бақылау болған “Ел дауысы” қоғамдық қорының жетекшісі Аида Жексен бақылауға байланысты ойымен бөлісті.

  • 7 Қазан
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесіне қатысты референдум өтті.

«Ел Дауысы» қоғамдық қорының жетекшісі Аида Джексенованың айтуынша референдум барынша ашық әрі әділ өткен. Қоғамдық қор ауқымды тәулесіз бақылау жүргізді. Бұл науқанға ел аумағында 970 бақылаушы, 37 үйлестіруші қатысты.


«Жылдан жылға командамыздағы бақылаушылар тәжірибе жинақтап, білікті бола түсуде. Мен біздің командамыз бұл процестің ашық әрі заңды жүргізілуіне үлес қоса алғанын мақтан тұтамын», — дейді Аида Джексенова.
Референдумда Ақтөбе, Орал, Қарағанды, Петропавл, Астана, Павлодар, Өскемен және Семей қаласындағы бақылаушылар жоғары белсенділік танытты. Осы қалаларда бақылаушылардың көп саны жұмылдырылды. Сол арқылы қор сайлау учаскелерінде болып жатқанның бәрін мұқият қарап, белгілеп, ықтимал бұзушылықтарды барынша азайтуға мүмкіндік алды.


«Командамыз қатысқан барлық учаскедегі жұмыс бойынша қорытынды хаттамалар жасалды. Осылайша, бақылаушыларымыз алған хаттамаларға қарап, дауыс беру барысы қалай өткені жайында картина қалыптасты. Бірден айтып өтейін, дауыс беру барысы жалпы қорытындыға сәйкес болды», — деді қор жетекшісі.
Бақылаушылар тіркеген бұзушылықтар:
Бақылаушылар дауыс беру барысында бірқатар бұзушылықты анықтап тіркеп алды. Оларды келешкте ескеру қажет. Атап айтқанда:

  1. Ақтөбе қаласы: 5 учаскеде дауыс беріп қойған сайлаушылар дауыс беруге қайта кіруге талпынды. Бақылаушылардың араласуынан кейін бұл бюллетеньдер жойылды.
  2. Петропавл: 3 учаскеде дауыс беру құпиялығы бұзылды – сайлаушылар бюллетеньдерді көпшіліктің көзінше, ашық аймақта толтырған.
  3. Қарағанды: екі учаскеде дауыс беру рәсімі туралы сайлаушылардың мүлде хабардар болмауы байқалды.
  4. Павлодар: 4 учаскеде бақылаушыларды тіркеу және оларды учаскілерге кіргізуге қатысты проблема болды. Кейін бұл проблема шешімін тапты.
    Қортынды және ұсынымдар:
  5. Бақылаушыларға: келесі кампания кезінде бақылаушыларға оқу жүргізу мәселесіне назар аудару керек. Әсіресе бұзушылықтар мен учаске комиссиясы өкілдерімен өзара қарым-қатынас мәселесінде біліктіліік ақсады.
  6. Учаскелік сайлау комиссияларына: бақылаушылармен өзара іс-қимыл, сайлаушыларды ақпараттандыру және сайлау процесінің барлық нормасын сақтау мәселелері бойынша комиссия мүшелерін тиісті дайындықтан өткізуді қамтамасыз ету қажет.
  7. Орталық сайлау комиссиясына: учаскелерде қайта дауыс беруді болдырмау және бүлінген бюллетеньдерді есепке алу жүйесін жетілдіру үшін қосымша тексеру механизмдерін енгізу мүмкіндігін қарастыру маңызды.
    Өткен референдум тіркелген бұзушылықтарға қарамастан, тұтастай алғанда дуыс беру процесі ашық әрі әділ өткенін көрсетті. Азды-көпті мәселелер қорытынды нәтижеге әсер етпеді.
    Біздің бақылаушыларымызға атқарылған қажырлы еңбек үшін ризашылығымды білдіремін. Алдағы уақытта бәріміз бірге азаматтық қоғамды дамыту және еліміздегі демократиялық стандарттарды нығайту үшін одан да көп үлес қосамыз деп үміттенемін.