Қызылордада дәрігерлер жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада дәрігерлер жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасады

Қызылордада дәрігерлер жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасады

Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында хирургиялық күрделі ота жасалды. Ота сәтті өтіп, нәресте анасымен бірге үйіне шығарылды. 

  • 9 Қазан
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған орталықтың неонаталды хирургия бөлімінде «Ішектің орналасуы мен фиксациялануының бұзылуы (Ледда синдромы)» диагнозымен дүниеге келген нәрестеге күрделі хирургиялық операция жасалды. Дәрігерлер бригадасы құрамында неонатальды хирург Болат Маханбетияров, көмекші хирург Серік Нүсіпқожаев, балалар анестезиологы Игорь Самсонов, неонатолог – Мереке Алтынбекова және ота жасау мейіргері Сәуле Жапанова болды. 

Білікті мамандардың еңбегінің арқасында баланың денсаулығы қалпына келіп, толық ем алуына мүмкіндік берілді.

«Туа болған жедел ішек өткізбеушілігі (мальротация) – ішектің қалыпты айналуы мен бекіну процесінің бұзылуына байланысты туындайтын патологиялық жағдай. Бұл туа біткен ақау ішектің дұрыс орналаспауы және ішек ілмектерінің дұрыс емес бағытта айналуымен сипатталады. Мальротация кезінде ішек айналасында қан тамырларының қысылуы немесе бұралуы ішекке қан айналымының бұзылуына және оның өткізгіштігінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Бұл жағдайды дер кезінде емдеу қажет, себебі ол ішек некрозына немесе перитонитке әкелуі мүмкін», — дейді дәрігерлер.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада бүйрек трансплантациясына байланысты күрделі ота жасалды.