«Доллар сатып алуға асықпаңыздар» Сарапшы теңгенің құнсыздануына қатысты пікір айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Доллар сатып алуға асықпаңыздар» Сарапшы теңгенің құнсыздануына қатысты пікір айтты

«Доллар сатып алуға асықпаңыздар» Сарапшы теңгенің құнсыздануына қатысты пікір айтты

Доллар сатып алуға асықпаңыздар.

  • 10 Қазан
  • 44
Фото: ашық дереккөз

Қаржы сарапшысы Айбар Олжай өз оқырманына доллар сатып алуға асықпауға кеңес беріп отыр. 1,5 айдың көлемінде теңгенің долларға шаққандағы позициясы әлсірегенін, қазір $1 құны – 490 теңгеге жақындап тұрғанын нарықтан хабары бар көпшілік біледі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қазақстан қор биржасында доллар/теңге жұбындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша ақырғы нарықтық курс 489,49 деңгейіне тұрақтады. Белгілі бір психологиялық меже бар, ол 500. Жаз бітіп, бірінші қыркүйекте оқу жылы басталғанда теңге бағамы биржада 482,55 көрсеткен еді. Орта есеппен бір жарым айдың ішінде теңге долларға шаққанда 6,94 теңгеге арзандады. Әрине мұны девальвация деуге келмейді, ол заңды нарықтық ауытқулар екені анық.

Қазан парадоксы

Теңгеге негізінен әсер ететін үш глобалды фактор бар. Олар: мұнай бағасы, сыртқы төлем балансының жағдайы мен сауда-саттықтағы ұсыныс/сұраныс көлемдері. Тура осы жерде қызық жағдай туындайды. Мұнай бағасы тұрақты, тіпті Иран мен Израиль арқасында ақырындап өсіп келеді. Сыртқы төлем балансының теріс сальдосы біз үшін қатты ауытқыған жоқ, керісінше қысқаруға бет алды. Кей сарапшылар тілге тиек еткен бюджет дефицитінің теңгеге еш қатысы да, жағымсыз әсері де болмайды. Себебі, дефицитті жабу үшін Ұлттық қордан көбірек трансферт алынса, ол долларлар Қазақстан қор биржасында конверттелгенде керісінше теңгеге демеу беретінін көрдік.

Сонда теңгені не шошытты?

«Менің ойымша, дәл осы ауытқуларда тек қана рубльдің әсері бар. Және ол қысқа мерзімді әсер беретін сияқты. Себебі фундаменталды түрде, рубль өзімен бірге теңгені ең төменге дейін бірге құлатып әкете алмайды. Арадағы байланыс мықты емес және 2023-2024 жылдары кәдімгідей әлсіреді. Негізгі байланыс деп айта алатын импорттық каналды алып қарайтын болсақ, 2024 жылдың басынан бері Ресейден бізге келген импорт көлемі 2,42 миллиард доллар деңгейінде болды. Бұл өткен жылғы сәйкес көрсеткіштен аз. Ия, Ресей әлі күнге дейін өзінің 28,6 пайыз үлесімен біздің негізгі импортер болып келеді. Бірақ осыдан бірнеше жыл бұрын Ресейдің біздің жалпы импорттағы үлесі тіпті 34-36% көрсеткен кездер де болғанын ұмытпауымыз керек», — деді қаржы маманы.

Онда біз рубльдің неге құлап жатқанына үңілуіміз керек. Санкция аясында Мосбиржадан доллар/рубль жұбы кеткелі бері, рубль мен доллар арасында тікелей сауда-саттық жоқ. Рубльдің доллардағы нарықтық құны оның юаньмен арадағы саудасынан кейін, юань бағасына шағылатын кросс-курс арқылы беріледі. Кеше бір доллар 96,27 рубльге дейін барды. Негізгі себебі, Қытайдың трансшекаралық транзакцияларда Ресей компанияларын юань бойынша қыса бастағанында және қыркүйек айынан бері басталған Қытай Жаңа жылында болып отыр. Нәтижесінде Ресейде юань тапшылығы басталды. Қытай Жаңа жылдан кеше ғана шықты және келесі аптадан бастап біршама юаньді Ресейге жеткізетін болады. Демек келесі апта басында рубльдің құлдырауы тоқтап, сол 94 деңгейінде тұрақтай бастауы мүмкін.

Доллар 500 теңгеге бара ма?

Негізі, еш фундаменталды негіз болмаса да, кейде нарық түрлі спекулятивті толқынның ішінде кетіп қалатыны жасырын емес. Бірақ ол пузырь тез жарылады да, нарық орнына тез оралады. Үкіметке осы қазанда доллардың 490 теңге болып тұра тұрғаны керемет тиімді болады. Себебі, биржада бір айдың ішінде 1,4 миллиард доллар ауыстырғанда теңге бағамынан ұтар еді. Бірақ нарық та ондай сұраныс/ұсыныс құлағын тез анықтайды.

Сарапшының пайымдауынша, Үкіметке осы қазанда доллардың 490 теңге болып тұра тұрғаны тиімді. Себебі, биржада бір айдың ішінде 1,4 млрд доллар ауыстырғанда теңге бағамынан ұтады.

Сарапшының сөз соңында түйгені: «Доллар сатып алуға асықпаңыздар»