Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл тәттіні Дубайда тоғыз жылдан бері тұрып жатқан 38 жастағы Сара Хамуда жасаған. Ол 2021 жылы Fix Dessert Chocolatier брендін іске қосқан. Сара – Мысыр текті британиялық әйел. Ол жүкті кезінде тәтті тағамдарға жерік болып, шағын бизнестің негізін қалады. Брендтің құрамында әртүрлі қосынды бар: дәстүрлі кунафадан бастап печенье, крем және қытырлақ жармаға дейін.
“Біз көп уақыт пен күш жұмсаймыз, Өзіміз дайындайтын батончиктерге үлкен сүйіспеншілікпен қараймыз. Бұл жай шоколад емес”, – дейді Сара Хамуда.
Ол әдеттегі шоколадтан да көп нәрсе жасады.
«Шынымды айтсам, бұл дүниежүзіне тарап кетеді деп ойламадым. Мен канадалық, аргентиналық және румыниялық адамдардан түрлі хабарламалар мен видеолар алдым», – деді Сара.
Сараның айтуынша, батончиктер қолдан жасалған және олардың әрбірінде түрлі-түсті дизайн бар.
«Мен үшін өніміміздің сапасы мен қосындысын сақтау өте маңызды. Батончиктің құпиясы – фирмалық қалыбы, пішіні мен қаптамасында”, – деді әйел.