Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады

Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады

Алдағы күннің ауа райы айтылды.

  • 11 Қазан 2024
  • 24
Фото - Caravan.kz

Қазгидромет Алматы тұрғындарына ескерту жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2024 жылғы 11 қазанда Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді», — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.