"Қысым көрсетіліп, түсініксіз қоңыраулар түсе бастады": Жұлдыз Әбдікәрімова басына іс түскенін айтып, елден көмек сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 490.84
  • 536.88
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
11 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қысым көрсетіліп, түсініксіз қоңыраулар түсе бастады": Жұлдыз Әбдікәрімова басына іс түскенін айтып, елден көмек сұрады

"Қысым көрсетіліп, түсініксіз қоңыраулар түсе бастады": Жұлдыз Әбдікәрімова басына іс түскенін айтып, елден көмек сұрады

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова көптен көмек сұрап, елді алаңдатып қойды.

  • 11 Қазан
  • 8
Фото - Caravan.kz

Ол әлдекімдерден қоңырау түсе бастағанын айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы актриса желідегі парақшасында мәлімдеді.

«СОТТЫҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. Алайда…

Осы процессті әлеуметтік желіде жариялап, соттың барысын ашық жазуымның себебін өздеріңізге түсіндіріп, жазып едім. Бірінші аудандық сотта жеңіліс тапқанда, көп дәлелдердің қараусыз қалғандығы көңілге қонбаған. 

Адвокатыммен келісе отырып, қалалық соттың барысын жария түрде өткіземіз деп шешкенбіз. Сол күннен бастап, түсініксіз қоңыраулар түсе бастады. Оған мән бермедім. Бірақ…

Өткен аптада іссапармен Шымкент қаласында болдым. Сонда, бейтаныс жандар менің қасымдағы адамдарға жолығып, “…сотқа байланысты салып жатқан ақпаратты парақшасынан алып тастасын. Егер жарияламаса, біз переговорға шығуға дайынбыз. Мәселесін шешіп беруге тырысамыз. Бірақ ақпаратты шұғыл өшірсін!”-деген сәлемдеме жолдапты. Ескертіп айтамын мен ол адамдарды көрген жоқпын. Менімен тікелей кездесіп, тілдеспеді! 

Құлаққағыс болсын сот процессінен тыс мен ешқандай келіссөздерге келіспеймін! Қазақстан Республикасының сот жүйесіне, әділ шешім боларына мен сенемін!», — деп жазды актриса.