Бұл туралы кәсіпкер Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Қажымұқан фильміне келдік. Мектепте 4-5 класта қойлатын спектакль деңгейінде екен. Кино деп айтудың өзі ұят. Масқара!!!
Базарда тәшкі итеріп жүрген, өмірінде 2 кітап оқымаған біреулер түсірген сияқты», — деп жазды ол.
Естеріңізге сала кетейік, қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлына арналған «Қажымұқан» фильмі 10 қазаннан бастап көрерменге жол тартқан болатын.