"Шерзаттың өлімі": Еліміздегі мемлекеттік аппаратпен бірге ұйымдасқан қылмыстың қазіргі шынайы жағдайын көрсетіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 487.42
  • 531.39
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шерзаттың өлімі": Еліміздегі мемлекеттік аппаратпен бірге ұйымдасқан қылмыстың қазіргі шынайы жағдайын көрсетіп отыр

"Шерзаттың өлімі": Еліміздегі мемлекеттік аппаратпен бірге ұйымдасқан қылмыстың қазіргі шынайы жағдайын көрсетіп отыр

Марқұм Шерзаттың отбасына ақпараттық шабуыл тоқтамай тұр.

  • 15 Қазан
  • 16
Фото: caravan.kz

Желіде бас-аяғы жоқ видеолар тарай бастады. Видеодан байқағанымыз, сол күнгі оқиғаның сәтін әдейі қиып салып отырғандай. Бұл туралы әлеуметтік желі шулап жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Баласынан да, үйінен де айырылып отырған Шерзаттың отбасына ақпараттық шабуыл тоқтамай тұр. Әділдіктің енді болматынына сенбейтін Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов видеоүндеу жолдады.

«Бәрін көріп отырмын. Әділетті шешім күткен едім. Мынау видеоларды әдейі таратып отыр. Мен қан төскем, расымен кінәм болса, мені жазаласын. Бауырымның артық кеткен қателігі болса, оны да жазаласын. Мен қан төккен жоқпын. Мені және менің отбасымды қаралауды доғаруларыңызды сұраймын. Менің баламды анасының көзінше өлтіріп отыр. Одан басқа не дәлел керек оларға? Отбасымды енді қалай қорғауым керек? Олар бірінші пышақпен келді, мен сонда қаламмен шығуым керек пе еді? Таяқ жеуім керек пе еді?

Мен бар болғаны әділ сот болғанын ғана талап етемін. Баламның өмірін қиғандар жазалануын сұраймын. Әділдік болады дегенге сенімім қалмады. Баламнан, үйімнен айырылып отырғанда, енді жасап отырғандары осы. Амалым тек отбасымды аман-есен алып, Қазақстаннан кетемін», — дейді әкесі.

Талғардағы трагедияға қатысты Марғұлан Сейсенбай пікір білдірді. Бұл трагедия қоғамның назарын бекер аударған жоқ дейді ол.

«Бұл жайт еліміздегі мемлекеттік аппаратпен бірге ұйымдасқан қылмыстың қазіргі шынайы жағдайын көрсетіп отыр. Мұндай топтарды қорғаштап отырған жемқор қарулы күштердің өздері. Менің бұған бірнеше рет көзім жетті. Егер олардың сенетін «көкелері» болмаса, олар мұндай бассыздыққа бармас еді.

Кез келген ұйымдасқан қылмыстық топтарға олардың жемқор күштік құрылымдармен байланысы одан сайын күш береді. Сондықтан да, тек қана криминалдық ортаны ғана емес, осындай топтардың артында тұрған, оларды қолдап отырған күштік құрылым қызметкерлерін де тазарту керек», — деп жазды Марғұлан Сейсембай.