Қор стипендиаты Дильназ Қазиханова: «Еңбек бәрін жеңбек» - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қор стипендиаты Дильназ Қазиханова: «Еңбек бәрін жеңбек»

Қор стипендиаты Дильназ Қазиханова: «Еңбек бәрін жеңбек»

Ақтөбенің тумасы Дильназ Қазиханова Алматыдағы «Тұран» университетінде «Актерлік шеберлік» мамандығы бойынша білім алып жүр. Бала кезінен актриса болуды армандаған 3-курс студенті түрлі музыкалық аспапта ойнап, ән айтады, тіпті 8 жыл бойы бимен айналысқан. Мектепті үздік белгімен бітірген.  

  • 3 Қазан
  • 1
ФОТО: fnn.kz

«Актриса болуды армандап, көптеген үйірмеге қатысып, сахнаға шықтым. «Рика» телеарнасында жүргізуші болдым. Ақтөбе қаласының «Алатау» театрындағы қойылымдарда түрлі рөл сомдадым. Мен үшін өнер маңызы бар үлкен дүние. Өнерден шабыт аламын», — дейді 19 жастағы Дильназ Мақсатқызы

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиясы жайлы ол 1-курста оқып жүргенде естіпті. Содан бастап үздік оқуға, студенттік өмірде белсенді болуға, түрлі ұйымдарға, іс-шараларға қатысуға бел буыпты. Оның айтуынша, шәкіртақының маңызы зор, себебі ол жетістікке жетуге, өзгелерге үлгі болуға шабыт беріп, қанаттандырады.  

«Егер алдыңызға бір мақсат қойсаңыз, ештеңеге қарамаңыз. Абай атамыз айтпақшы, тек өзіңе, еңбегің мен ақылыңа сену керек. Талмай еңбектеніп, талпынсаңыз, алынбас қамал болмайды. Арман-мақсатыңызға сүрінбей жетесіздер. Еңбек бәрін жеңбек», — дейді Қор стипендиаты.