Қарағанды облысында үш кенші жарақат алды – біреуінің жағдайы ауыр - kaz.caravan.kz
  • $ 487.24
  • 529.34
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында үш кенші жарақат алды – біреуінің жағдайы ауыр

Қарағанды облысында үш кенші жарақат алды – біреуінің жағдайы ауыр

Қарағанды облысындағы Саран шахтасында үш кенші жарақат алды

  • 18 Қазан
  • 4
© Photo : Telegram-канал Qarmet

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, қазіргі кезде екі кенші үйіне жіберілді.

«Екеуі үй жағдайында емделіп жүр, тағы біреуі стационарда, жағдайы ауыр, қажетті медициналық көмекті алып жатыр», — дейді дәрігерлер.

Айта кетері, наурыз айында Саран шахтасында 43 жастағы кенші көз жұмды. Ол құрылғыны монтаждау кезінде ауыр жарақат алып, салдарынан қайтыс болған.