Алматы мектептеріне 200 психолог жетіспейді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы мектептеріне 200 психолог жетіспейді

Алматы мектептеріне 200 психолог жетіспейді

Алматыда инклюзияны жақсарту үшін психологтер мен дефектологтерді даярлау бағдарламасы енгізіледі.

  • 18 Қазан
  • 7
Фото: freepik.com

Бұл туралы Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

Түрксіб ауданы тұрғындары қала әкіміне №61 мектепте білікті психологтердің жоқтығын айтты.

мектеп психологі
Фото: Алматы әкімдігі

Қала басшысының айтуынша, Алматыда шамамен 200 психолог маманға сұраныс бар.

Бұл мәселені шешу үшін психологтер, дефектологтер және логопедтерді даярлау бағдарламасы басталды. Осы мақсатта заманауи тәжірибелерді зерттеу бойынша әртүрлі институттармен ынтымақтастық мәселелері талқыланып жатыр. Бағдарламаның мақсаты — жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, психологтердің негізгі білімін жаңа талаптарға сәйкес көтеру.

мектеп психологі
Фото: Алматы әкімдігі

«Біз еңбекақы төлеудің жеке жүйесін енгізуді жоспарлап отырмыз, сондай-ақ балалармен жұмыс істеуге жастарды тартуымыз керек. Бағдарламада инклюзияға ерекше көңіл бөлінеді, бұл мәселені тереңірек түсінуге және болашақта оларды шешу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға көмектеседі. Биыл біз дайындық жұмыстарын аяқтаймыз, ал келесі жылы №61 мектеп пилоттық жоба болады, онда балалар арасындағы қарым-қатынастарды өзгерту мен буллингпен күресудің әдістерін көрсетеміз», — деді Ерболат Досаев.