Шетелден келген сәлемдемеден гашиш майы мен психотроптық зат табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелден келген сәлемдемеден гашиш майы мен психотроптық зат табылды

Шетелден келген сәлемдемеден гашиш майы мен психотроптық зат табылды

Қала әуежайында пошта жөнелтілімін күткен шетелдік ұсталды

  • 20 Қазан
  • 3
© Photo : СС0 / RedMaiden

Алматыдағы логистикалық компаниялардың бірінің филиалынан шетелден келген сәлемдемеден гашиш майы мен психотроптық зат тәркіленді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көлік полициясының қызметкерлері алыс шетелден келген күмәнді пошта сәлемдемесін тапты.

«Тексеру кезінде оның ішінен салмағы 895 грамм каннабис сығындысы (гашиш майы) және салмағы 623 грамм тетрагидроканнабинол психотроптық заты бар екі банка табылды», — деп жазды ведомство.

Қала әуежайында пошта жөнелтілімін күткен шетелдік ұсталды. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.