Еліміздің аймақтарында шұжық қаншадан сатылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің аймақтарында шұжық қаншадан сатылып жатыр

Еліміздің аймақтарында шұжық қаншадан сатылып жатыр

Қазақстандықтар жиі тұтынатын тағамның бірі - шұжық. Мереке мен отбасылық отырыста кесіп қойылған шұжық дастарханның сәнін келтіріп тұрады. Кейбірі таңғы асқа тіскебасар жасап, түске дейін тоқ жүрудің қамын ойлайды. Піскен шұжық па, жоқ кептірілген шұжық па ?

  • 20 Қазан
  • 7
Коллаж: Kazinform/ DALL-E

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Піскен шұжықтың ең арзаны Қостанайда болып шықты. Мұнда тартылған еттен жасалған өнімнің келісі 935-2900 теңге. Ал жартылай ысталған шұжық бағасы 3350-5400 деп көрсетілген.

Атырау қаласында піскен еттен жасалған шұжықтың келісі 950 теңгеден басталғанымен, 5200 теңгеге дейін жетеді. Жартылай ысталған өнім болса 1800-2400 теңге.

Шұжық бағасы шамалас қалалар да бар. Мәселен піскен еттен жасалған шұжық Астанада келісіне 1100-2400 теңге, Алматыда 1100-3500 теңге, ал Петропавлда келісіне 1100 теңге. Жартылай ысталған шұжықтың келісі оңтүстік астанада 2300-ден басталып, 8000 теңгеге жетеді. Астаналықтар болса келісін 2700-5000 теңгеге сатып алып жүр.

Еліміздегі Қызылорда, Павлодар, Жезқазған, Тараз, Семей және Қонаев қалаларында піскен еттен жасалған шұжықтың келісі шамамен 1200-1500 теңге тұрады. Сәл қымбаттауы 2300-4000 теңгеден сатылады. Ал жартылай ысталған өнім бағасы әркелді. Павлодарда — 1900-6400 теңге, Семейде— 3000-5200 теңге, Қызылордада — 2000-6500 теңге, Қонаевта — 2300-8000 теңге, Жезқазғанда — 2700-5000 теңге, сонымен бірге Таразда — 2500-2700 теңге.

Талдықорғанда шұжықтың арзаны келісіне 1400 теңге болса, сапасына қарай 4000 теңгеге сатып алуға болады. Жартылай ысталғанының келісі 2500-8000 мың теңге тұрады. Өскеменде піскен еттен жасалған шұжықтың келісі 1600-7900 теңге болса, жартылай ысталғаны 3900-5400 теңге.

Еліміздің батыс өңірлері, атап айтқанда Ақтау, Ақтөбе және Оралда піскен еттен жасалған шұжықтың келісі 1700-3400 теңге. Ал жартылай ысталған өнім бағасы 1800 теңгеден басталып, 6500 теңгеге дейін жетеді.

Көкшетауда піскен еттен жасалған шұжықтың келісі 2400-3400 теңгеге сатылып жатыр. Ал жартылай ысталғаны 3400-5400 теңге тұрады. Түркістандықтар болса піскен еттен жасалған шұжықты 2700, ал жартылай ысталғанын 2500 теңгеге сатып ала алады.

Өзге өңірлерге қарағанда Шымкентте баға өзгеше. Мұнда піскен еттен жасалған шұжық келісі 2900-3700 теңге, ал жартылай ысталған шұжық келісі 2570 теңгеден басталып 4200 теңгеге жеткен.

Еліміз бойынша ең қымбат шұжық Қарағандыда болып шықты. Мұнда піскен еттен жасалған шұжық 3000-4000 теңге, ал жартылай ысталғаны орта есеппен 4500-5000 теңге.

Айта кетейік, Kazinform бұған дейін еліміздегі ірімшік бағасын салыстырды.

шұжық бағасына инфографика