”Сахнаға қоймен шығарса, бірге маңырап тұра беретіндей”: Ақбота Керімбекова Республика сарайында ән салған Мұрат Әбділданы қатаң сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Сахнаға қоймен шығарса, бірге маңырап тұра беретіндей”: Ақбота Керімбекова Республика сарайында ән салған Мұрат Әбділданы қатаң сынға алды

”Сахнаға қоймен шығарса, бірге маңырап тұра беретіндей”: Ақбота Керімбекова Республика сарайында ән салған Мұрат Әбділданы қатаң сынға алды

Әнші Ақбота Керімбекова блогер Мұрат Әбділданың Республика сарайында ән салғанына қарсы шықты.

  • 21 Қазан
  • 110
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Елде небір сорақылықтар орын алып жатыр. Жан алу, қасіретке қасірет жаман беру, ақты қара, қараны ақ деу біздің ел үшін түк емес. Нені, нелерді нұсқап отырғанымды сезіп-ақ отырған шығарсыздар, болашақта ондайларға да селт етпейтін дәрежеге жетеміз-ау… Мәдениет министрі Аида Ғалымқызын көптен танимыз. Ескі де, жаңа Қазақстанда өз статусын сақтап қала алған шенеунік. Сымбатты, сыр бере қоймайтын әйел. Дипломатиясы мықты деп естиміз. Сала тізгінін екі рет ұстағанына қарағанда, оған балама кадр болмай тұрғаны ғой… Бұл үндеуімді тікелей сол кісіге бағыттағалы отырмын. 

Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Мұрат Әбілда деген адамның Республика сарайында ән салып тұрған видеосы тарады. Ойлаңызшы, Республика сарайында. Еліміздің тарихи-мәдени маңызды нысанында! Қазақтың мыңдаған таланты сол сахнаға шығуды армандаған, мыңдаған дарынды Қазақ сол сахнаға шыға алмай, арманда кетті. Ол жігіт елдің азы мен тозы емес шығар, оның адами кескін-келбетіне тілімді тигізе алмаймын. Бір жағынан қарағанда оның Республика сарайында ән салғаны қылмыс та емес шығар. Бірақ, ағайындар-ау, Республика сарайының сахнасы — Роза Бағланова секілді аңыз адамның маңдай терімен салынған, тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап ұлт тағдыры шешілген, ең маңызды тарихи шешімдер қабылданған, бірнеше күннен кейін тойланғалы тұрған Республика күнінің негізі болған тәуелсіздік деклорациясы қабылданған қасиетті орын емес пе еді? Ол сахнаға шығу үшін бізден мың есе лайық әрі таланттырақ адамдар тағдырын арнады ғой, біздің өзіміз музыка мектебінде оқып, өнер академиясында кәсіби дағдымызды қалыптастырып, 30 жылға жуық тынымсыз еңбек етіп келе жатсақ та, тіземіз дірілдеп, зорға шығамыз. Өзімізге сенімсіздіктен емес, кіттәйымыздан жадымызда қалыптасқан киелі сахнаға деген құрметімізден. Жалпы айтқанда, ол сахна — мемлекеттің мінбері, ұлттың негізгі трибунасы, өте маңызды орын ғой. Енді сол ұлттық мінберге шыққысы келгеннің бәрі шыға бере ме?! Осы шенеуніктер өздеріне келгенде құқық талап еткіш, ар сақтағыш, дәл солай неге мемлекеттің бас сахнасын сақтамайды?! Мәдениет саласының ары да, намысы да — сахна. Сахнаға шығарған адамына, сахнада көрсеткен дүниесіне қарап саланың деңгейін көруге болады.

Біздің кейбір әріптестер ел айтып жүргендей “әртіс десе әртіс”… Оларға бәрібір. Осы жолы да “сен тимесең, мен тиме” болып отыра беретін шығар. Сахнаға қоймен шығарса, бірге маңырап тұра беретіндей. Арланбайды”, — деп жазды әнші.