"Балаңыз ауырмасын десеңіз, күйеуіңізді сыйлаңыз": Блогер әйелдердің кесірінен баланың ауыратынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Балаңыз ауырмасын десеңіз, күйеуіңізді сыйлаңыз": Блогер әйелдердің кесірінен баланың ауыратынын айтты

"Балаңыз ауырмасын десеңіз, күйеуіңізді сыйлаңыз": Блогер әйелдердің кесірінен баланың ауыратынын айтты

Әлеуметтік желіде ауру балалардың көбеюі әйелдердің кесірінен болатынын айтқан блогердің бас дауға қалды.

  • 21 Қазан
  • 155
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Нұргүл Серікқызы есімді блогер желіде отбасылық тақырыпты талдап, көп әйелдің ашуына тиді.

«Күйеуіңді сыйласаң, балаң ауырмайды» деп, жазба жариялады.

Ата-ананың ниетінің қандай екенін баласы көрсетіп береді…
Ері мен әйелі сыйласпаған үйдің баласы сыртқа қашады, қызы ұрысқақ, ұлы жасқаншақ немесе ұятсыз болады. Отбасылық өмірде ересек екі адам бір — бірінің тілін табу оңай дүние емес.
Баланың жолының болуы тікелей қарым-қатынасқа байланысты. Қазір сөйлемейтін балалар көбеюде, неге? Сыйластық жетпей жатыр, әйелге де, еркекке де!
Алайда жүректе махаббат пен мейірім болса өмір сүру жеңілірек
, — деп жазды.

«Неге әйелді жөндей бересіздер, еркектерді неге жөндемейсіздер. Неге әйел байғұс всегда кінәлі екен», «Не жеп акылды болады екен осылар», «Осындай ойдан құрастырған ақылдарыңды өздеріңе жаратыңдар, елдің миын ашытпай», «Қоя салшы. Шетінен әйтеуір ақылсымақ коучтар, өмірде соны өзі жасамайды айткандарын! Дұрыс, жолдасымызды сыйлау керек базар жоқ! Бірақ, прям балаң ауырып калмайтын шығар одан!», деп жазды.