Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бізге жақсы жаңалық келіп жетті. Қазақстанда жүрген легионерлерге, шетелдік спортшыларға бюджеттің ақшасынан және квазимемлекеттік сектордың, мысалы, Самұрық-Қазына сияқты қорлардың ақшасынан бір тиын да берілмеуі керек деген норманы заңға енгіздім. Жұмыс тобында әріптес-депутаттар қолдады. Енді Үкіметтен тиісті қорытынды келді. Бұдан былай легионерлерге квазимемлекеттік сектордан да, бюджеттен де бір тиын да берілмейтін болды. Депутаттар дауыс берді, — деп айтты депутат жаңалығын.
Нартай Аралбайұлы халықтың ақшасы, бюджеттің ақшасы тек халықтың, Қазақстан азаматтарының игілігіне жұмсалуы керегін айтты.
Оған қоса спорттағы қаражаттар жоғары жетістіктері бар спортқа беріледі. Оның ішінде басым спорт түрлеріне. Яғни бюджет қаржысы 180 спорт түрінің бәріне берілмейтін болды. Ақша салатын спорт түрлері – бұл Олимпиада, Азиада, Пара Азияда, Сурдолимпиада, Паралимпиада тізіміне енген спорт түрлері, — деп түсіндірді ол.
Айтуынша, оған қоса қаржы балалар жаттығатын мемлекеттік спорт ұйымдарына және бұқаралық спортқа бөлінеді.
Яғни ақша тиісті салаға беріледі. Мемлекеттің ақшасы бұрынғыдай оңды-солды шашылмайды, — деп айтты Мәжіліс депутаты.
Бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- жоғары жетістіктер спорты, оның ішінде спорттың басым түрлері;
- мемлекеттік спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;
- бұқаралық спорт;
- спорттық инфрақұрылымды дамыту.