Сот депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты шешім шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сот депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты шешім шығарды

Сот депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты шешім шығарды

Сот депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты шешім шығарды.

  • 22 Қазан
  • 5
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласының Медеу ауданының №2 аудандық соты пробация қызметінің Нұрасыл Болатқа қатысты жазаны — бас бостандығын шектеуді одан айырумен ауыстыру туралы ұсынысын қарады.

Бұған дейін Жоғарғы Сот Нұрасыл Болатқа екі немесе одан да көп адамның денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін (ҚР ҚК-нің107-бабы 2-бөлігі 1-тармақшасы бойынша) 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған болатын.

Болат пробация қызметінің есебіне алынып, жазаны өтеудің тәртібі мен шарттарымен және оны бұзғаны үшін жауапкершілікпен танысқан. 

Сотталғанның орналасқан жерін бақылауды қамтамасыз ету үшін электронды бақылау құралы қолданылды. 

Осыған қарамастан, Болат пробациялық бақылаудың 3 рет заңбұзушылықтарына жол берген, ол сотпен зерттелген дәлелдемелермен расталған.

Осылайша, сотталушы жазасын өтеу тәртібімен шарттарын қасақана бұзған.

Қылмыстық кодекстің 44-бабының 3-бөлігіне сәйкес бас бостандығын шектеуді өтеуден қасақана жалтарған жағдайда оның өтелмеген мерзімі бас бостандығын шектеудің бір күніне бас бостандығынан айырудың бір тәулік мөлшерінде бас бостандығынан айырумен ауыстырылады.

Сот пробация қызметінің өтініш-хатын негізді деп танып, оны қанағаттандырды.

Нұрасыл Болатқа бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы өтелмеген мерзімге 1 жыл 5 ай 10 күнге бас бостандығынан айырумен ауыстырылды.

Еске салайық, 2023 жылғы 11 ақпанда әскери қызметкер Нұрасыл Болат Алматыдағы түнгі клубтың жанында ерлі-зайыпты Анна мен Олег Черновтарды ұрып-соққан болатын.

Жақында мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың шартты мерзімде жүрген ұлы кезекті рет пробациялық бақылау тәртібін бұзғаны белгілі болды. Әлеуметтік желіде оның тойда жүргені түсірілген видео тарады. Оқиға 11 қазанда Алматыда болған.

Айта кетейік, бостандығын шектеу тәртібіне сай депутаттың баласына мұндай іс-шараларға баруға шектеу қойылған болатын.