"Бізде бәрі күшті деп алжыған кемпір, шалдар қайда?": Халық Талғардың түрмесінен қашқан қылмыскер туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бізде бәрі күшті деп алжыған кемпір, шалдар қайда?": Халық Талғардың түрмесінен қашқан қылмыскер туралы

"Бізде бәрі күшті деп алжыған кемпір, шалдар қайда?": Халық Талғардың түрмесінен қашқан қылмыскер туралы

Күні кеше Елді Шерзат Болаттың өлімі дүр сілкіндірсе, тағы бір қылмыскер тапа тал түсте түрмеден қашып кеткен.

  • 23 Қазан
  • 19
pixabay.com

Алматы облысының Талғар қаласындағы былықтың беті қайтар емес. Қоғам белсенділері мен халық аталған жайттарды үкіметтің жіті бақылауына алуын талап етіп жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Танымал журналист Ерқанат Көпжасар заңның күші қайда деп дабыл қағып, желіде жазба қалдырды.

«Талқандалған Талғар. Талғардың уақытша тергеу изоляторынан қыз зорлады деген күдікті қашып кетіпті. Әлі ұсталған жоқ. Бұл ауданда айдың, күннің аманында адамдарын өлтіріп кете береді. Үйлерін өртей салады. Қылмыскерлері қапастан қаша береді екен. Тергеу изоляторынан сытылып кетті деген адамның ақылына сыймайтын сұмдық қой. Заң күші қайда?!», — деп жазды ол.

Көпшілік журналистті қолдап, желіде сыни пікірін жаудырып жатыр.

Айта кетейік, Талғар қыз зорлап, түрмеге тоғытылған қылмыскер қашып кеткен еді. Полицейлер оны әлі де таппады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіп жатыр.