"Құдай-ау, не деген атақ? Жер-жерде шүлен тарату басталды": Үкіметтен бірде-бір атақ алмаған Ақбота Керімбекова тағы да шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Құдай-ау, не деген атақ? Жер-жерде шүлен тарату басталды": Үкіметтен бірде-бір атақ алмаған Ақбота Керімбекова тағы да шу шығарды

"Құдай-ау, не деген атақ? Жер-жерде шүлен тарату басталды": Үкіметтен бірде-бір атақ алмаған Ақбота Керімбекова тағы да шу шығарды

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші Ақбота Керімбекова "Үкімет үшін әндетіп жүрмегенін айтып" желіде тағы да өкпесін білдірді.

  • 24 Қазан
  • 159
Instagram/ Ақбота Керімбекова

Ол «Қазақ тиктогының легендалары» атақ неге алмаған деп, желіде әзіл-шыны аралас жазба қалдарды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Жер-жерде шүлен тарату басталды. Құдай-ау, не деген атақтар анау? “Ерен еңбегі үшін”, “Құрмет”, “Парасат”, “Даңқ”… Қазақта сөлкебайға телінбеген сұмдық сөздер қалды ма екен, өзі?!. Жылына осы атақтарды бәлен жүз адам алады екен, алсын ғой. Бірақ, мемлекет жағдайы сонша ерен еңбек жасалынғанға ұқсай ма деймін ғой шее) үйдегілер кейде сұрап қалады, “әндетіп жүргеніңізге 30 жыл, мынадай мыңқырған атақтың біреуі сізге берілмей ме?” деп. “Ай, айналайындар-ай, өкімет үшін әндетіп жүргенім жоқ. Атақтарды түгел алып шыққан кейбір адамдармен мені қатар қойып, халықтың алдына шығарса, халық бір де бір мемлекеттік атағы жоқ мені танып, құрметтеп кетуі мүмкін. Нағыз бақыт — сол”, — деп құтыламын ғой)) Ойым дұрыс шығар деп ойлайм, иә) тағы шындығым үшін “көре алмай отыр” демесе бопты зрениесі өте жақсылар… Аа, айтпақшы, Қазақ тарихынан да маңызды боп тұрған Қазақ тиктогының легендалары неге алмаған? Неге бермейсіңдер, а, өкімет?! Көре алмай жүрсіңдер ма?», — деп жазды әнші.